jasqazaq.kz

Ерін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел 10 жылға сотталды (Видео)

20 ақпан 2024, 20:05

Азаматтық некедегі күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге сот үкімі шықты.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға былай болған: өткен жылдың қазан айында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде азаматтық некедегі күйеуі М., екеуі жанжалдасып қалады. Ащы судан жұтып алған әйел күйеуін жүріп бара жатқан жүк автокөлігіне қарай итеріп жібереді. М., сол мезетте мерт болған.
Сот үкімімен масаң күйде қылмыс жасаған К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жылға сотталды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?