jasqazaq.kz

Еріктілер ерлікке тағзым етіп елге оралды

26 тамыз 2024, 20:07


«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің еріктілер жасағы осымен үшінші жыл қатарынан «Батыс майданы. Варшава тас жолы» халықаралық экспедициясына қатысып, елге оралды. Олар ТМД мемлекеттерінен жиналған әріптестерімен бірге екі апта бойы Ресейдің Калуга облысының аумағында бір кезгі майдан даласында қазба жұмыстарын жүргізді.
Осы аймақта 1941-1942 жылдары Қазақстанда жасақталған бес бірдей дивизияның кескілескен шайқастарға қатысқанын айта кету керек. Былтыр Ақмола облысында құрылған 387-ші атқыштар дивизиясы соғыс қиылдарын жүргізген Ульяновск ауданында жерлестеріміздің құрметіне ескерткіш-белгі орнатқан болатынбыз.


Екі апта ішінде еріктілер ондаған шақырымды мина іздегіш құралмен тексеріп, қаншама текше метр топырақты қолмен қазып, сол маңдағы майдан даласын түгел жаяу аралап шықты. Нәтижесінде көмусіз қалған, есімдері әзірше беймәлім 125 қызыләскердің сүйегін және 5 солдат медальонын тапты. Бесеудің ішіндегі бір сарбаздың аты-жөні сол жерде анықталып, қалғандары арнайы экспертиза жасау үшін мамандарға табыс етілді.
Майдан даласында шейіт болған 125 боздақтың сүйектері Барятина ауданы, Цветовка елді мекені жанындағы бауырластар зиратына салтанатты жағдайда, әскери құрметпен жерленді.
Еріктілер жасағының мүшесі Төлеген Болатұлы сол жерден жүз шақырым қашықтықтағы Тула облысы Белев қаласын азат етуде қаза тапқан атасы Рауель Әжікеевтің басына барып тағыз етіп қайтты. Төкеңнің мұнда осымен үшінші рет келуі. Бұрынғы жылдары бауырластар зиратында жатқан бабасының басына суреті мен аты-жөні жазылған ескерткіш тақта орнатып кеткен екен. Енді міне, қайтара келіп тағы да құран бағыштап отыр. «Өлі риза болмай тірі байымайды» деген осы шығар.


Естеріңізге сала кетейік, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздестірумен жүйелі түрде айналысатын еліміздегі бірден-бір ұйым. Әртүрлі деректер бойынша Қазақстаннан майданға 1 млн 300 мыңнан астам адам аттанып, оның 630 мыңы қаза тауып, 271 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кеткен. Біздің бірлестік құрылғалы бері 4 мыңнан астам боздақтың аты-жөндерін, қай елде жерленгендерін анықтап, олардың артында қалған тікелей ұрпақтары мен туған-туыстарына хабарлады.
Сонымен қатар, қоғамдық ұйым ҚР Қорғаныс министрлігінің көмегімен майдан даласында опат болған 19 отандасымыздың сүйегін елге жеткізіп, әскери құрметпен жерледі.

Әбубәкір Смайылов

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр