jasqazaq.kz

Ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы — 750 мың теңге

23 ақпан 2024, 23:45

Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан тұрғындар мұндай көлемдегі жалақыны көп адам ала бермейтінін айтты. Бұл туралы halyq-uni.kz сайты жазды.

Жуырда «Westoil Software» басшылығы бірнеше күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, ереуілге шыққан қызметкерлердің әрекетінен компания 900 000 000 теңге шығынға батқанын айтып, қызметшілеріне 24 ақпанға дейін жұмысқа шықпаса, арадағы еңбек келісімшартын үзіп, орнына жұмыссыз жүрген Қарақия мен Маңғыстау облысындағы басқа аудандардың тұрғындарын алу жайлы талап қойған.

Компания талабынан кейін ереуілген шыққан 94 азамат жұмысына қайта оралған.

Ашық дереккөздерде «Westoil Software» ЖШС-да істейтін көлік жүргізушілерінің орташа жалақы мөлшері 750 мың теңге екені хабарланған.

Осыған байланысты тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп көрген едік. Олардың айтуынша, ондай сома – өте жоғары жалақы.

Сонымен, жауаптар легі төмендегідей:

— 750 мың теңге жақсы деп ойлаймын. Егер маған сондай көлемде жалақы берсе, риза болушы едім. 

— Шынын айтқанда, мен құрылыс саласында істеймін. 250-300 мың теңге табамын. Ол маған жеткілікті. Егер маған 750 мың теңге жалақы берсе, миллионер болатын едім. 

— 750 мың жақсы ғой. Кейбіреулер ондай да жалақы ала алмайды. Қазір жалақы аз ғой. 

— 750 мың емес, 500 мың берсе де құдайға шүкір деп айтамыз. Сол жеткілікті қазақстандықтарға. 

— Адамда қанағат болуы керек қой. 750 мың теңге жалақыға өмір сүруге болады. Адамдар ондай жалақы ала алмайды. Қазір 200-300 мың жалақы алып, несие, ипотекасын жауып жүр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)


 

 

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?