Ерболат Досаев: Алматыда дизельмен жүретін автобус сатып алуға тыйым салынады

21 желтоқсан 2023, 13:59

Алматыда дизельмен жүретін автобус сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Биыл қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды. 2024 жылдан бастап жеке тасымалдаушылардың дизельмен жүретін автобустарды сатып алуына тыйым салу жоспарлануда», – деді Е. Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде.
Сонымен бірге мегаполис әкімі соңғы 11 жылда алғаш рет 100 троллейбус сатып алынғанын атап өтті. 2024 жылы тағы 100 данасын сатып алу жоспарланған. Бұл троллейбус паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді.
«Алматыда метро белсенді дамып келеді. Биыл қосымша 3 жылжымалы құрам іске қосылды. Қозғалыс интервалы 5 минут 38 секундқа дейін азайды. Нәтижесінде метродағы жолаушылар легі 100 мың адамға дейін көбейді. Жалпы 2023 жыл қорытындысы бойынша қоғамдық көліктегі жолаушылар легі тәулігіне 1,5 млн адамға дейін көбейді», – дейді спикер.
Мегаполистің көлік байланысын жақсарту үшін Бұқтырма — Құлжа трактісі көлік жолайырығы ашылған. 2024 жылы Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтіледі, Саин көшесі мен Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту, Сейфуллин — Жансүгіров және Саин — Мөңке би жолайырықтарының құрылысы аяқталады.
«Қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру үшін 2024 жылы Алматыға қаланың солтүстік, батыс және шығыс жағынан кіреберісте көлікке ауысып отыру тораптарының құрылысы басталады. Оған қоса, келесі жылы Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейін ұзындығы 9 км BRT салынып, іске қосылады, 2025 жылы Ахрименко көшесінен Абай көшесі арасында тағы 8 км салынады», – деп толықтырды Е. Досаев.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу