jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Алматыда 30 мыңнан астам автотұрақ салынады

15 наурыз 2024, 12:13

Фото: Әсет Құндақбаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисте автотұрақтардың жұмысын жақсарту бойынша жеке компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екенін Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты. Жиын барысында «Паркур» компаниясының өкілі қаладағы автотұрақтардың жұмысын жақсарту бойынша әкімдікпен бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс жасады.

«Біз әлем бойынша жеке және мунипициалдық тұрақтардың нөмір бірінші операторымыз деп айта аламын. Біз сіздермен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында қарым-қатынас орнатсақ дейміз. Бізде сіздерге ұсынар қызықты жобаларымыз бар. Ол қала үшін жақсы шешім болар еді деп ойлаймын», — деді Азамат есімді компания өкілі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жеке компаниялардың қолдауына қарсы еместігін жеткізді.

«Біз жеке компаниялардың қолдауына қарсы емеспіз, егер ол алматылық компания болса тіпті жақсы. Бізде қазір «Алматы паркинг» кәсіпорны даму сатысынан өтіп жатыр, себебі, бізде жаңа автоұрақтар салынуы тиіс. Өкінішке орай, бұл бағыттағыв жұмыстар оңай емес, себебі, біз бұрын жеке автоұрақтар үшін беріліп кеткен жерлерді қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ бізде электрлі автокөліктерді пайдалану мен сатып алу саны өскен. Сол себепті бізге электрлік жанармай құю станциясын салу бойынша өте көп ұсыныстар түсіп жатыр. Ал автотұрақтар мен жеке тәжірибесі бойынша жеке компанияларға шешім шығарудың қажеті жоқ, себебі бұл ретте тек мемлекеттік жекеменшік әріптестік, сервистік келісімшарт және тағы басқа құжаттар ғана болады», — деді Ерболат Досаев.
Ол сондай-ақ тұжырымдама бойынша аладғы уаұытта Алматы қаласының көліктік құрылымының бас жоспарын қалыптастыру аясында мәліметтер берілетінін айтты.

«Қаланың тек тарихи орталығында емес, сонымен бірге қаланың барлық ауданын қосқанда 30 мыңнан астам автотұрақ салынады. Тек осыдан кейін біз қай оператор қандай экономикалық талапқа жұмыс істеуге дайын екендігі туралы сөйлесетін боламыз. Егер сізбен кездесіп, сөйлесу керек болса мен нұсқау берейін, мүмкіндік болса наурыз мерекесіне дейін, келесі дүйсенбіде сізбен кездесуге тырысамыз», — деді қала әкімі.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды