jasqazaq.kz

Ерболат Беделхан: “Ninety one” тобы «қызтеке» емес

26 қазан 2016, 11:13

erbolat

Қоғамда екіжақты пікір тудырған атышулы “Ninety one” тобының айналасында болып жатқан дау толастар емес. Аталмыш топтың бұған дейін қатарынан бірнеше қалада концерті өтпей қалды. Топ продюсері Ерболат Беделхан концерттің  ұйымдастырылуына қарсы шыққан «хейтерлерді» тілдесуге шақырды.

«15-20 адам қарсы тұрып, наразылық көрсетсе, оның ар жағында не жатыр? Мыңдаған билет сатып алған адамдар жатыр. Олардың құқығы, көз жасы қайда қалды?», – деді продюсер «Гәкку» арнасына берген сұхбатында.

Одан кейін Беделхан топ мүшелеріне, тіпті өзіне де қаратыла айтылатын «қызтеке» сөзіне тоқтау салды.

«Менің үш балам, әйелім бар. Маған да сол сөз айтыла бастады. Мені бір «көгілдір, қызтеке» деп. Күлкінішті жағдай шынында. Ешкімге тиіскім келмейді, бірақ 91 тобында ешқандай қызтеке жігіттер жоқ. Біз ешқашан ондай іске бармаймыз, ондай адамдарды қолдап, жалпы ондай адамдар емеспіз», – деп жалғады сөзін ол.

Атышулы топтың жетекшісі топтың концерт өткізуіне қарсы шыққан жандарды концертке келіп тілдесуге шақырды.

«Сұрақтарыңызды қойыңыздар, уайымдамаңыздар, жауап береміз. Бағдарлама концерттің үстінде де жүргізіледі. Келіңіздер, біз тілдесуге әрқашан дайынбыз», – деп түйіндеді сөзін продюсер.

stan.kz

Бүгін, 14:31
Реальный результат языковой политики в Созакском районе
Бүгін, 14:15
Туркестан: В Ордабасы запускаются новые инвестиционные проекты
Бүгін, 13:51
Туркестан: Вклад урановой компании в социально-экономическое развитие региона
25 сәуiр, 16:19
Туркестанская область укрепляет стратегическое сотрудничество с иностранными инвесторами
25 сәуiр, 16:05
Налажено сотрудничество по вопросам развития международного аэропорта в Туркестане
25 сәуiр, 15:58
Туркестан: На повестке дня - развитие сферы образования
25 сәуiр, 15:30
Поколение, которое читает книги: в Туркестане интерес к чтению растет
23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов