
Қытайда ір кісі қонақүй нөмірінен телефон сымын пайдаланып қашуға әрекеттенген. Осылайша ол қонақүй ақысын төлеуден жалтармақ болған, деп хабарлайды The Daily Mail.
Оқиға бейнеленген видео YouTube-тағы People’s Daily, China каналында жарияланды.
Басылымның хабарлауынша, қытайлық қашу үшін пайдаланған телефон сымы 19-қабат деңгейінде тартылған. Қашқын алдымен телефон сымында өзінің тепе-теңдігін сақтауға тырысқан, алайда оның бұл әрекетінен түк шықпай, ол әуеде салбыраған күйі қалған. Оны өрт сөндірушілер құтқарып алғаннан кейін, полицейлер бірден тұтқынға алған.
Әзірше, оның қонақүйге қанша сома қарыз екендігі туралы ақпарат нақтыланған жоқ.