jasqazaq.kz

Енесі келініне 1 айлық баласын емізуге тыйым салды

20 желтоқсан 2017, 12:54

Осыдан 5 жыл бұрын сүйіктісінің босағасын аттаған келіншек енесінен зәбір көріп жүргенін айтып налиды.

Stan.kz сайтының редакциясына Қызылорда қаласының Айжан есімді 26 жасар тұрғыны хабарласқан болатын. Басына қиындық түскен жас келін оқырмандардың кеңес беруін сұрайды.

Менің енем ерте жесір қалған кісі. Көп нәубет көрген. Содан болуы керек, мінезі өте қатал. Мен студент кезімде тұрмысқа шықтым. Үйлену тойы аяқталғаннан кейін, енем жанына шақырып алып, біраз талаптарын қойды.

Мен сол үдеден шығуға тырысып келемін. Бірақ уақыт өткен сайын, ол кісі маған еш жылы қабақ танытар емес. Керісінше, жаңадан туған сәбиімді қырқынан шығармай жатып, емізуіме тыйым салып жүр. «Иісін сіңіп қалса, саған бауыр басып кетеді» деп ұрысады», -дейді Айжан.

Жас келін осыдан екі жыл бұрын ұл баланы дүниеге әкеліпті. Бірақ сәбиді енесі бала көтере алмай жүрген қайынапасына беруді бұйырған. Үлкен кісіге қарсы келе алмаған соң осы қадамға барған екен.

«Ұлым күйеуімнен айнымайды. Үйімізге келгенде жүрегім қан жылайды. Қайынапамның көңіліне қарап, құшақтап, сүймеймін де. Бірақ мына ұлымды «емізбе» дегенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Күйеуіме айтып жыладым. Бірақ ол анасына ештеңе айтқан жоқ.

Емшегім ісіп, қызарып кетті. Екі күн бұрын баланы суға түсіріп, майлауға көмектеседі деген сылтаумен өзімнің анамның үйіне кетіп қалдым. Қайтадан ол үйге мүлдем барғым келмейді. Бірақ жолдасымды қимаймын. Әуел баста шын сүйіп қосылған едім», – дейді Айжан.

Осылайша тығырыққа тіреген келіншек енді не істерін білмейді. Ал дәрігерлер болса бала ана сүтін жеткілікті түрде емуі керек екенін айтады.

«Ана сүті бала денсаулығы үшін өте қажет. Сәбидің иммунитеті мықты болуы үшін емшектен ерте шығармау қажет. Егер табиғи түрде емізуде ерте тоқтатса, бұл ананың денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Яғни. Баланың бас ми тамырлары дұрыс жетілмей қалуы әбден мүмкін», – дейді дәрігер – неврапотолог Жанат Әбдіқадырова.

21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда