jasqazaq.kz

Енді азаматтарымыздың әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

20 мамыр 2017, 13:15

Компанияларға жаңа талаптар қойылғандықтан, олар ұялы байланыс бағасын көтерулері мүмкін. Оларға екі жыл қатарынан қазақстандықтардың әңгімелесуі мен хабарламаларын сақтап отыру тапсырылды. Базада азаматтардың жеке хабарламалары да сақталмақ.Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар жаңа ережелермен өмір сүретін болады. Көпшілікке бұл ережелер ұнай қоймайды. Екі жыл бойы телефондағы әңгімеңіз бен хабарламаларыңыз жазылып отырады. Құжат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Алайда құқық қорғаушылар бұл заңмен келіспейтіндерін айтып жатыр.

«Бұл ақпараттарды кері мақсатта қолданбайтынына кім кепілдік бере алады? Адамдар әртүрлі тақырыпта сөйлеседі. Мысалы, бизнес делік. Мұндай жағдайда әдетте келіс-сөздерді жасырын жүргізуге тырысады. Экстремизм мен Террроризммен күресуде бұл шаралар дұрыс шығар. Десе де, оның кері әсері барын да ұмытпайық», – дейді құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Мамандар әңгімелер мен хабарламалардың бүгінгі таңда да жазылып жатқанын айтады. Алайда оған қол жеткізу қиын екен. Мұнымен қатар, бұл қосымша ақшаны талап ететіні анық.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда