Атырауда мүгедек әйел емшінің емдеуінен кейін қайтыс болған. Бұл оқиға бойынша емші сотқа тартылды.
«Атырау облысының Махамбет аудандық соты ҚР ҚК 104-бабының 1-бөлігі бойынша О.Н-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сотта жәбірленушінің ұлы телефон бойынша емшіге полиартрит дердімен байланысты 13 жыл төсек тартып жатқан 2-топтағы мүгедек анасын емдеуге апаруға келіскен.
Емдеу кезінде емші жәбірленушінің ауыратын аяғын күшпен тартып, қолымен тізесінен басады. Осы жайттан кейін науқас есінен танып, жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізіледі. Ол аудан ауруханасында травматикалық шоктан қайтыс болды», — деп хабарлайды ҚазАқпарат Махамбет аудандық соты таратқан мәліметке сүйеніп.
Сот үкімімен азамат О.Н. ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.