jasqazaq.kz

Эмомали Рахмон су тасқынына байланысты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

12 сәуiр 2024, 23:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.
Тәжікстан Президенті еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы тілеулестік танытқаны үшін Тәжікстан Президентіне алғыс айтып, қазіргі таңда су тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін, Үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты.
Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі елдің үкіметтеріне саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.
Мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?