jasqazaq.kz

Елші: Берлиндегі қазақтар ана тілінде білім алып жатыр

17 тамыз 2017, 17:07

Қазақстан-Германия серіктестігінің басым бағыттары бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Германиядағы этникалық қазақтар туралы сөз қозғады.

Елшінің айтуынша, Германия Қазақстанның Еуродақтағы және ірі серіктестерінің бірі. 25 жылдың ішінде екі ел арасында стратегиялық серіктестік жолға қойылып, шикізат, сауда, энергияны үнемдеу бағыттарында ынтымақтастық жақсарып келеді. Бұл күнде Еуропаның басты доноры болып отырғандықтан, ол елмен лайықты диалог құруға әлемдегі кез келген мемлекет мүдделі. Қазақстан Президенті екі елдің ынтымақтастығы жолға қогйылғаннан бері Германияға 7 мәрте ресми сапар жасаған.

БАҚ өкілдерінің басын қосқан Болат Нүсіпов Германиядағы қазақ мәдени орталықтары туралы да айтып өтті. «Германияда қазақ диаспорасы бар. Олармен қарым-қатынасымыз өте тығыз. Біздің кез келген шарамызға отбасыларымен бірге белсене араласады. Мәдени тұрғыда бірлесе жұмыс атқарамыз. Германияда бір емес, үш қазақ мәдени орталығы бар. Ең үлкені Кельнде, екіншісі Мюнхенде, үшіншісі Берлинде орналасқан. Біздегі мәлімет бойынша, Германияда тұратын қазақтардың саны 1 мыңнан асады. Барлығы да үш қалада өте тығыз өмір сүреді», — дейді Болат Нүсіпов.

Сондай-ақ Елші Еуропада тұратын қазақтардың кіші құрылтайының өтуіне атсалысып жүргенін айтады. Оның сөзін сүйенсек, кіші құрылтайлар 2011 жылы Копенгагенде, 2014 жылы Берлинде, 2016 жылы Кельнде болып өткен. «2014 жылы Берлинде қазақ мәдени-экономикалық орталығын аштық. Сол орталықта қазақтың балалары қазақ тілін оқып жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім бар. Ендігі кезекте қазақ мәдени-экономикалық орталығында тек қана қазақ тілінен сабақ берумен шектелмей, экономикалық сала пәндерін де оқытуды жоспарлап отырмыз», — дейді Елші.

 ҚазАқпарат

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда