jasqazaq.kz

Елордада екі жүргізуші 5 тәулікке қамалды

24 шiлде 2024, 11:40

Елордада ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі жүргізушіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Іс материалдарынан екі жүргізуші де көлік құралдарын басқарғаны және жол жүру барысында жолды бөлісе алмағандығы байқалады. Содан соң екеуі көліктерін тоқтатып, қоғамдық орында өзара төбелес ұйымдастырған.

Сот отырысы барысында Б. және С. жасаған құқық бұзушылықтарын жоққа шығарған жоқ.
Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеліп соғады.
Сот кінәні мойындау, жасаған істеріне өкіну және жас балаларының болуын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Сот қаулысымен екі құқық бұзушы да ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сондай-ақ, жазалау шарасын айқындау кезінде сот қоғамда резонанс тудырған қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтың сипатын да назарға алды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?