jasqazaq.kz

Елімізге келген шетелдік туристер саны 37% артты

08 желтоқсан 2023, 15:39


Биылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға немесе 37%-ға көп, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Былтыр бұл аралықта елімізге 609,8 мың шетелдік келген еді.
«Кейінгі жылдары шетелдік туристердің Қазақстанға қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 800 мыңнан астам шетелдік келген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,4 миллионға жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұған еліміздің көрсең көзің тоятын табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз және қонақжайлығымыз дәлел бола алады. Біз елімізді туристер үшін одан да тартымды әрі қызықты ету және байтақ жерімізге табаны тиген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін тырысамыз», — деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.
9 айдың қорытындысы бойынша, 2023 жылы орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 553 мыңға артып, 5,4 млн адамға жетті.
Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,3 млн адамға көп (2019 жылдың 9 айында 4,1 млн адам).
JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?