Елімізге 500 мың доза қызылшаға қарсы вакцина әкелінді

23 қараша 2023, 9:44

Бүгін Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина партиясы келді. Қазір Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүріп жатыр. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау үшін вакцинаның қосымша көлемін сатып алуды пысықтады. Жалпы, қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін вакцинаның 1,5 млн астам дозасы сатып алынды.
Келген вакцина жедел тәртіпте ҚР ДСМ СЭБК-нің бөлуіне сәйкес ел өңірлеріне жіберіледі.
Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын сақтай отырып жүзеге асырады.
Вакцинация үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады.
Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар.
Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады.
Биыл елімізде, әлемнің көптеген елдеріндегідей, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады.
Қызылша — инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы болатын жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі.
Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі ел халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.
Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар вакцина алады.
Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарланған.
Елімізде балаға жоспарлы түрде екі рет екпе салынады: алғашқысы — 12-15 айлығында, екіншісін — 6 жасында.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу