jasqazaq.kz

Еліміздің әуе жолы қауіпсіздене түсті

03 сәуiр 2018, 17:35


Немесе Шымкент Халықаралық әуежайына «Боинг 737 МАХ 8» ұшақтар сериясының алғашқысы келіп қонды.

Аспан әлемі адам қиялын қаншама ғажайып сезімге жетелегенімен, зеңгір көкте самғап келе жатқан ұшақтың ішіндегі әрбір жолаушының жалғыз ғана тілегі болары сөзсіз. Бұл әуе лайнерінің Жер-Анаға аман-есен, жайлы да қалыпты қонуы. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары елімізде ұшақ апаты аракідік болса да ұшырасып тұрады. Сондықтан, жолаушылар мүмкіндігіне орай барар жеріне пойызбен, автобуспен жетіп алуды қарастырады. Дегенмен, алыс аймақтарға жылдам да жайлы жеткізетін ұшақпен барып-келу тиімді екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Шымкент аспаны бүгін әдеттегіден бөлек алабұртып тұрды.Оның үлкен сыры болатын. Шымкент халықаралық әуежайына жиналғандардың қарасы қалың. Барлығы да бұлтты аспанға қайта-қайтиа қарағыштайды. Әне, қою бұлттар арасынан жарқ етіп алып самұрық та көрінді. Ол әуеде баяу қалықтап бірте-бірте төмендеп келе жатты. Нөпір жұрт жапатармағай қол соғып, маңай шаттыққа бөленіп сала берген. Мұндайда журналистер қауымы тағат таппайтыны бесенеден белгілі. Қалың қауымның арасынан мойынымызды қаршығадай созып, алға қарадық. Алып лайнер баяу қалқып келіп қонып, әуежай жолында сырғып бара жатты.

Дәстүр бойынша жаңа ұшақ Шымкент әуежайының ұшу алаңында су аркасынан өтті.Әуеде кемпірқосақ шыға келіп, келушілердің көзайымына айналды. Кездесуге жиналғандар жаңа әуе кемесінің заманауи дизайндағы бояуы, яғни, лайнердің ливреясын айрықша атап өтті. Жаңа ливрея-«Боинг» корпорациясы дизайнерлік агенттігі атқарған еңбегінің жемісі.
«Боинг 737 МАХ8» ұшағының ең соңғы үлгісі тарфюзеляжды лайнерлер сегментіне кіреді. Ұшақтың жанармайды үнемді тұтынуы да тиімділікті паш етеді. Ұшақтың дизані де қайран қалдырады. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.
Бұл АҚШ-тың батыс жағалауындағы Сиэтл қаласынан (Вашингтон штаты ) көтеріліп,он мың шақырым жолды артқа тастап келген жаңа «Боинг 737 МАХ 8» ұшағы еді. Айта кетелік, ұшақ жанармай құйып алу үшін жол-жөнекей Испанияның Рейкьявик қаласына аялдаған. Ерекшелігі сол, бұл АҚШ-тан келетін 6 ұшақтың алғашқысы еді. Сондықтан да, осындай айтулы сәтте ұшақты қарсы алу рәсімі ерекше салтанатпен өтті. Рәсімге облыс, қала әкімдері, СКАТ әуекомпаниясының басшылары, зиялы қауым өкілдері, журналистер қатысты.

Он мың шақырым жолды артқа тастап келген экипаж мүшелерін қарсы алу рәсімі де көңіл толқытарлықтай еді. Заманауи жаңа ұшақтың Шымкент халықаралық әуежайына келіп қонуына орай керілген лента қиылып, ұшқыштарды әріптестері, отбасы мүшелері, туған-туыстары құттықтап жатты. Мұнан соң жиналғандар алып лайнердің салонын тамашалап көрді.
Орталық Азия, ТМД және ел аумағындағы теңдесі жоқ жаңа ұшақ Boeing зауытында құрастырылған. Әуе кемесінің жетілдірілген моделінің отын шығыны қазіргі заманғы авиациялық қозғалтқыштардың ең үнемдісімен салыстырғанда жанармайды 14 есе аз тұтынады. Мұндай жаңғыртулар CFM International компаниясының жаңа LEAP-1B қозғалтқыштарын орнату, сондай-ақ қанат пен фюзеляжды жобалаудың бірқатар жетістіктерін енгізу нәтижесінде орын алып отыр. Жаңа лайнер бір сапарында 186 жолаушыны алып ұшады. Бір ұшақтың бағасы 115 миллион доллар тұрады. Компания жаңа ұшақты Алматы-Астана, Шымкент-Алматы, Шымкент-Ақтау бағыттарына сапарларға жібермек. Бұл еліміздің екі астанасы мен облыс орталықтарын жақындата түсу үшін жоспарланған. Ұшақтың су жаңа болуы билет құнының өсуіне әсер етпейді. СКАТ әуе компаниясы «Боинг 736 МАХ 8» ұшағының бірінші жоспарлы ұшуын таяу күндері жүзеге асырмақ.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ұшақты қарсы алу рәсіміне қатысып, әуе компаниясы ұжымын жаңа ұшақтың келуімен құттықтады.
Жаңа борт Еуропа мен Азия арасындағы Қазақстанның географиялық орналасуының оңтайлы жағдайын қолдана отырып, ішкі және транзиттік бағыттарды дамытуда СКАТ әуе компаниясының ұзақ мерзімді стратегиясына толық сәйкес келеді. Әуе компаниясы Шымкент аэропортын оңтүстік аймақтық хаб ретінде дамытуды жоспарлап отыр. Бұл өңірдің ғана емес, Қазақстанның экономиясын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Біз осы сәтті пайдаланып, бірқатар лауазымды тұлғалардан сұхбат алып үлгердік.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат ЛАСТАЕВ:

-Әуе кемелерінің ең соңғы озық түрінің елімізге келуі-СКАТ әуекомпаниясы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан авиациялық индустриясы үшін елеулі оқиға. Бұл жағдай біздің еліміздің әлемдік авиациялық индустрия саласында лайықты орын алатындығын, сондай-ақ СКАТ әуекомпаниясының шын мәнінде қазақстандық әуе тасымалдаушылары қатарындағы үздік, қазіргі заманға сай, сенімді және бәсекеге қабілетті кәсіпорын екенін көрсетеді.
СКАТ әуекомпаниясының президенті Владимир ДЕНИСОВ:

Жаңа ұшаққа қол жеткізу біздің ұжымның және жолаушыларға қызмет көрсету сапасының дамығанын аңғартады. Келіп қонған ұшақ тұрақты және чартерлік бағыттардағы рейстерді жүзеге асырады. Жалпы, барлық маршруттық желілерде қызмет керсетеді. Жолаушылар жаңа ұшақтың барлық артықшылықтарын, экипаж мүшелерінің кәсібилігін және жаңа лайнерде қызмет көрсету үшін арнайы дайындықтан өткен бортсеріктердің қонақжайлылығын бағалайтынына сенімдімін.
Иә, азат еліміздің аспанында жаңа лайнерлер көбейіп келеді. Жолың болсын, арман арқалаған жолаушы!

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
Шымкент қаласы

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр