jasqazaq.kz

Елімізден алтынды шетелге таситындарға құрық бойламай тұр

23 қантар 2018, 10:56


Елімізден алтынды заңсыз тонналап шетелге тасып жатқандарға құрық бойламай тұр. Соңғы бес жылда жиырма мың адам ұсталса соның бір де бірі қылмыстық жазаға тартылмапты. Мамандар мемлекетке миллиардтап шығын келтіріп жатқандарға қатысты заңды қатаңдату керек деп отыр. Айтуларынша, бір ғана қылмыстық топ былтыр 2,5 мың тонна қазба байлықты шекара асырған. Ондағы таза алтынның мөлшері 500 келіден асады екен. Қазынаға тиген залал 5,5 миллиард деп бағаланып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен қазба байлықтар. Қазақстандағы кен орындарда бағалы металды ұрлап, шекара асыру мәселесі бүгінде ушығып тұр. Қылмыстықтық топтардың семіргені соншалық пагон таққандарды пысқырмайтын жағдайға жеткен. Бар кінәрат заңның осалдығында.

ДМИТРИЙ ЧЕРКАСОВ, «ҚАЗАҚАЛТЫН» ТМК» АҚ ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз оларды ұстаймыз. Полиция бөлімшесіне жеткіземіз. Ал ол жерде 15 минут сұрау алынып, түсініктеме жазғызып үйлеріне жібере салады. 1998 жылы Қылмыстық кодекстан бағалы металдардың заңсыз айналымы деген тармақты алып тастаған. Соны қайтармайынша жағдай түзелмейді.

Баукеспелер кенді тонналап, вагонмен тасыйтын жағдайға жеткен. Жыл басында сондай қылмыстық топтың серкелері ұсталды. Олар құрамында алтыны бар кенді қытайға жіберіп отырған.

АЙБАС ЖҰМАҒАЛИЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ АЛМАТЫ БӨЛІМШЕСІ ЖТ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Біз тек екі вагонын ұстап қалдық. Қазақ-қытай шекарасындағы Алтынкөл станциясында. 47 вагонды өткізіп жіберген. Құрамында алтыны бар кеннің жалпы салмағы 2,5 тонна.

Кәсіпкерлер бұл бассыздықтың алдын алу үшін тиісті органдардың табылдырығын тоздырамыз деп отыр. Заң қатайса, жұмыс та бір жүйеге түседі. Бұл Ақмола облысындағы кен орындарында жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды