Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатта өткен жылы елімізден 32930 адам көшіп кеткенінін айтты.
Ал келгендер саны – 7400, яғни теріс сальдо 25530 адамды құраған екен. Көшіп кеткендердің дені – 23589 адам Ресейге қоныс аударған.
Жалпы алғанда, сыртқы көші-қон көрсеткіші көңілдегідей болмаса да, еліміздегі демографиялық ахуал жылдан-жылға жақсарып келеді. Депутаттың айтуынша, елімізде халық саны ұдайы өсіп, қазір 18 миллионға жетуге тақап қалды.