jasqazaq.kz

Елімізде жеті мыңнан астам адам жалақысын ала алмай жүр

13 маусым 2017, 11:44

Бүгінгі күні жалақы қарызы 88 миллион теңгені, ал мерзімі өткен жалақы борышы 1,7 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

«Жалақы қарызы бойынша мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде өңірлерде прокуратура, салық инспекциясы және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен штабтар жұмыс жасайды. Биылғы жылдың бес айында 10 мың жұмысшының алдындағы 1, 5 миллиард теңге қарыз өндірілді. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің төленуі де бақылауымызда. Біз еңбекақы қарызын әлеуметтік төлемдер арқылы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе әзірлеп, әкімдіктерге ұсындық. Өкінішке қарай, өңірлер бұл ақпараттық жүйенің мүмкіндігін толық көлемде пайдаланбай отыр», — деді Дүйсенова үкімет отырысында.

Министр хабарлағандай, қабылданып жатқан іс шараларға қарамастан қазіргі уақытта жалақы қарызы 88 миллион теңгені, ал мерзімінде төленбеген жалақы сомасы 1,7 миллиард теңгені құрайды. «Бұл қарыздың 80 пайызы немесе 1,4 миллиард теңге оңалту рәсімінен өтіп жатқан кәсіпорындарға тиесілі. Өңірлердегі жағдайға тоқталсақ, мерзімі өткен қарыздың жартысынан астамы Алматы қаласына тиесілі. Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында үлкен жалақы борышы сақталып отыр. Бұл жеті мыңнан астам жұмысшының жалақы қарызы екенін атап өткім келеді», — деп атап өтті министр. Сондықтан, оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп, кәсіпорындармен жұмысты күшейтуі керек.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда