jasqazaq.kz

Елімізде жемқорларды «ұсталған жерінде ату» ұсынылды

22 тамыз 2017, 19:34

Қазақстанда жемқорларды «ұсталған жерінде ату» ұсынылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысы кезінде «Азаматтық альянс» басшысы Нұрлан Ерімбетов осындай мәлімдеме жасады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен отырыс кезінде тәуелсіз сарапшылар Қаржы министрілігінің қауіптеріне баға берді. «Мені жұмсақтығымыз таңғалдырады. «Адам 100 миллион пара алады да, 5 миллион айыппұл төлейді. Ұсталған орнында ату керек, өйткені бұл балаларымыз бен ақсақалдарымыздың ақшасы, денсаулығымыз бен отбасыларымызды асырауға арналған ақша», — дейді Нұрлан Ерімбетов. Отырыс кезінде Қаржы министрлігінің бөлімшелері мемлекеттік органдар ішінде ең жемқоры екені айтылды. «Кеден және экономикалық тергеу органдары ең жемқор. 2001 жылдан бергі ресми статистикасы осы уақытқа дейін жемқорлық деректері бойынша 10 мың адам сотталғанын көрсетіп отыр. Сотталушылар саны бойынша екінші орында Қаржы министрілігі, олардың 86 пайызы Мемлекеттік кіріс комитеті, кеден, салық және экономикалық қызметте істегендер», — дейді агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда