jasqazaq.kz

Елімізде сыра ішетіндер көбейген

25 қантар 2018, 15:22

Қазақстандық сыра өндірушілер өткен жылдың 11 айында 517,4 миллион литр сыра даярлады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсетпіштен салыстырғанда 10,6% көп, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматы облысы еліміз бойынша көш бастап, жалпы өнімнің 64,1%-ын шығарды. Оңтүстік астанада сыра өндірісі 33% (184,5 млн литр), Алматы облысында 3,2% (147 млн литр) жоғарылады.

Алматыда «Caspian Beverage Holding» АҚ («Алматинское Жигулевское», «Ячменное» және т.б. бренд), «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС («Ирбис», «Дербес» және т.б. марка), «Первый Пивзавод» ЖШС (Oettinger, «Золотая Кружка» және т.б.), «Эфес Казахстан»АҚ алматылық филиалы сыра дайындайды.

«Эфес Казахстан» компаниясының негізгі ғимараты Қарағанды облысында орналасқан. Ол өндіріс жағынан үшінші орын алады. Жылына 83,1 млн литр сыра өндіреді, шығаратын сыра көлемі 2,3% артты.

Қазір көбікті сусынның танымалдығы артып келеді. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында сыраны тікелей жарнамалауға тыйым салынса да, әлеуметтік желілерде оның атауы кездеседі. «Медиа-Систем» агенттігінің деректеріне сәйкес, 2017 жылдың 15-25 желтоқсаны аралығында әлеуметтік желілерде сыра туралы 3 мыңнан аса жарнама шығыпты. Оның 300-ге жуығы Қазақстанда жарияланған.

Қазақстандықтар желіде көбіне «Жигулевское» сырасын (59% пост) талқылады. Екінші орында Tuborg (14%), сосын Carlsberg (9%) тұр. «Первый пивзавод» Шымкенттің сыра зауытын (116) озып, 136 рет жарияланыпты.

Елдегі сыраға деген сұраныс та жоғарылады. 2016 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы кезеңнің қорытындысына сәйкес, 2017 жылы сыраның сатылымы 12%-ға артты.

Сыра бағасы 2016 жылмен салыстырғанда өткен жылы 6,3% қымбаттады.

Сонымен қатар, алкогольді ішімдіктердің бағасы жыл ішінде 10% өсті.

Бағаның өсуіне алкогольді ішімдіктерге берілетін акциздердің кезең-кезеңімен жоғарылауы ықпал етуде. 2017 жылы сыраның бір литріне акциз бағасы 39 теңге болды. Осы жылы 48 теңге, 2019 жылы 57 теңге болады.

2000 жылы сыра литрінің акциздік мөлшерлемесі 26 теңге тұрған.

Бүгін, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
Бүгін, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды