jasqazaq.kz

Елімізде көлікке қолданылатын антифриздердің 90 пайызы сапасыз

20 қантар 2018, 10:25


Қазақстандағы көлікке қолданылатын антифриздердің 90 пайызы сапасыз. Ал терезе жуғыш сұйықтықтар адам денсаулығына қауіпті. Өйткені, олардың құрамына рұқсат етілмеген спирт қосылған. Соның кесірінен көліктер өртеніп те жатыр екен. Ал бұл мәселеге бас-көз болатын мемлекеттік мекемелердің онымен шаруасы жоқ дейді Қазақстандық автоәуесқойлар қауымдастығы. Органдардың олқылығын пайдаланған пысықайлар Ресейдің сапасыз өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдап жатыр екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Көлігін күтіп ұстайтын алматылық жүргізуші Сергей Воробьевтың бас қатырар бір мәселесі бар. Темір тұлпардың суыту жүйесіне қажетті сұйықтыққа көңілі толмайды. Одан қалды, терезесін жуатын суының иісі жүргізушіні әбден қажытқан. Жағымсыз иіс басын ауыртып, жүрегін көтеретіндіктен, кішкентай баласын көлігімен көп алып жүргісі келмейді.

Сергей Воробьев, жүргізуші:

— От того что я купил некачественную… Сапасыз антифриз сатып алғанымның кесірінен радиаторым бұзылып қалды. Көлігімде көптеген ақаулар пайда болды. Сосын өзіміз сынама жасап көргенбіз. Сатып алған сұйықтығымыз жанып жатыр. Демек, құрамында спирт болғаны ғой.

Мұндай арнайы сұйықтықтардың сапасы шынымен нашар екенін зертхана сарапшылары да растайды. Мұнай өнімдерінің барлық түрі, сонымен бірге көлікке арналған сұйық заттардың құрамын жіктейтін мына мекеме мамандары антифриз бен әйнек жуатын судың құрамында метанол мөлшерінің артып кеткенін анықтаған.

Гүлмира Садықова, тәуелсіз зертхана меңгерушісі:

— Кеден Одағының техникалық регламенті бойынша, метанолымыздың сондай сұйықтықтардың ішінде 0,05 пайыздан артпау керек деп тіркелген. Сонда біздің сипаттама барысында сол сұйықтықтардың ішінде 1 пайыздан 10 пайызға дейін анықталғаны болды.

Яғни, 10 пайыз дегені тиісті мөлшерден 200 есе артық дегенді білдіреді. Метанолдың бір ерекшелігі, оның иісін адам қатты сезбейді. Бірақ, улы зат тыныс жолдары арқылы ағзаға сіңіп, жинала береді. Оның ақыры адам айтқысыз жағдайға жеткізуі мүмкін.

Жасыл отын лап ете қалды. Яғни, құрамы метил спиртіне тұнып тұр. Қара базарда қаптап тұрған антифриз атаулының барлығында осындай жағдай дейді көлік иелері. Тиісті орындар тәртіпке салып отырмағаннан кейін, көк-жасыл сұйықтың бәрін әркім қалауына қарай сата береді. Соның кесірінен темір техника бұзылғаны былай тұрсын, өртеніп кетуі мүмкін дейді мамандар.

Дәурен Айқынбаев, Қазақстан автоәуесқойлар қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

— Автокөлік нарығындағы қолданылатын терезе жуғыш немесе суытуға арналған сұйықтықтардың 90 пайызы сапасыз өнім. Өйткені, олардың құрымына метанолды заңсыз қосып сатады. Бұл өнім көбіне Ресейден контрабандалық жолмен жеткізіледі. Ал біздің тексеруші органдар оған көз жұмып отыр.

Бұрын бұл мәселеге қатысты техникалық регламенттерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган болған. Бүгінде ол құзырет санэпидемиологиялық стансаның қарамағында. Ал автоәуесқойлардың оларға талай жазған арызы жауапсыз қалып келеді екен.

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады