jasqazaq.kz

Елімізде әйел зорлайтындардың жазасын қатаңдату ұсынылды

21 мамыр 2017, 16:27

Белгілі қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков қыз зорлаған адамды босатып жіберген Қостанай сотының шешіміне наразылық білдірді.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

Зорлықшыны бостандыққа жіберуге болмайды деген адвокат, кезекті амнистия мемлекеттің әйелдер құқығына салғырт қарап, оны бұзып отырғанын білдіреді дейді.

“Қыз зорлап ұсталған кезекті адам амнистияға ілігіп кетті. Ол бір күн болса да темір торда өткізген жоқ. Ал тіпті Василий Ни мен Мақсат Үсеновтың өзі уақытша тергеу изоляторында отырған. Бұл Қостанайда болып отыр. Зардап шегушіні мазақ ету еліміздің қай жерінде де бар. Парламент желтоқсанда рахымшылық туралы заң қабылдады. Мен әйелдерді зорлағандарды бостандыққа жібермеу керек деп қанша рет қақсадым. Ешкім құлақ аспады. Қазақстанда зорлық – орташа ауыр деңгейдегі қылмыс. Ал сіз мұны ауыр қылмыс деп бағаламайтын тағы бір елді білесіз бе? Менің ойымша бұл билік тарапынан жасалып отырған ауқымды гендерлік кемсітушілік. Зорлықшылары бостандыққа шығып кеткен барлық зардап шегушіні қайтадан күресуге шақырамын. Тым құрыса жаңадан құрыққа ілініп кететіндер үшін”, – дейді ол.

9889

Бұл ретте адвокат өрескелдік осылай жалғаса беретін болса, онда БҰҰ әйелдерді кемсітуді жою комитетіне немесе адам құқықтары комитетіне шағым білдіруге шақырады. Осы ретте ол қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізуді де ұсынып отыр.

1. Зорлау қылмысы әрекетін ортадан ауыр қылмыс санатына ауыстыру

2. Әйел зорлап ұсталғандарды амнистияға іліктірмеу

3. Зорлау айыптауы кезінде татуластыру арқылы қылмыстық істі тоқтатуға жол бермеу

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын қостанайлық белгілі адвокат Бақытжан Хасенов “зорлық” айыбы бойынша екі жылға сотталып, бірақ амнистияға ілігіп жазадан босап кеткен еді.

 

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда