Елімізде интернетсіз 1432 ауыл бар

14 желтоқсан 2023, 17:01


Қазақстанның 1432 ауылында мобильді интернет жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтып берді.
Министрлік атап өткендей, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 6 406 елді мекен бар, оның 6 290-ы ауыл мәртебесіне ие.
Қазіргі уақытта 116 қала мен 4 858 ауыл 3G (2 813 ауыл) және 4G (2 045 ауыл) мобильді технологиялары бойынша Интернетке қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ ADSL технологиясы бойынша Интернетпен 1 950 ауыл және талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясымен 2 606 ауыл қамтамасыз етілді.
«Бүгінгі таңда мобильді интернетсіз 1432 ауыл қалып отыр, оның ішінде 504 ауылды 2023 жылдан бастап спутниктік жүйелер арқылы қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда», — деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен отырысында Асхат Оразбек.
Вице-министр Үкіметтің «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекіткенін, оның аясында 2024-2027 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы 3 мыңнан астам ауылды, оның ішінде мобильді интернеті жоқ 928 ауылды интернетпен қамту жоспарланғанын атап өтті. Жалпы ұлттық жобаны іске асыру үшін 1 499,9 млрд теңге қарастырылған.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу