jasqazaq.kz

Елімізде 2016 жылы мыңнан астам қыз бала түсік жасатқан

11 шiлде 2017, 16:03

Қазақстанда 2016 жылы 80 мыңдай әйел жасанды жолмен түсік тастаған. Олардың мыңнан астамы – жасөспірімдер. Осы мәселенің алдын алу туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева сөз қозғады.

«Елімізде отбасын жоспарлау мәселесі бойынша 478 кабинет қызмет етеді, сол жерде отбасын жоспарлау бойынша барлық сұрақтарға жауап алуға, әйелдерге контрацептив қабылдау керегін анықтауға, сондай-ақ контрацепцияның тиісті түрін таңдауға көмектеседі. Еліміздің әр тұрғынында жалпы тәжірибелі учаскелік дәрігер бар. Учаскелік дәрігер бұл кеңесті қай кабинеттен алуға болатынын түсіндіреді», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Отбасын жоспарлау бойынша сапалы қызмет көрсетілген жағдайда, жасөспірімнің жүктілігі, түсік, жыныс жоларымен берілетін инфекциялардың алдын алуға болады. Бұл кабинеттердің басты мақсаты – әйелдің репродуктивті денсаулығын қадағалау, дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы мерзімді таңдау және жасанды түсік пен ана өлімінің санын азайту.

«Былтыр жасанды түсік тастағандардың саны 79 мыңға жетті. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің босану көрсеткіші былтырғы жылы – 4226, 15-17 жас аралығындағы түсік жасату – 1418, 15 жастан кіші қыздар арасында – 16 рет. Түсік жасату отбасын жоспарлау әдісі болмауы тиіс. Ақылға сыйымды контрацепция болуы керек», — деп мәлімет берді Ләззат Ақтаева.

sputniknews.kz

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда