jasqazaq.kz

Елімізде 10 мыңға жуық адам банкрот деп танылды

13 желтоқсан 2023, 16:31

Қазақстанда банкроттық процесс жеңілдетіледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
«Соңғы деректерге сәйкес, 80 мыңнан астам адамның өтініші қаралып, қазір 10 мыңға жуық адам банкрот деп танылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды наурыз айында бастағанымызды ескерсек, содан бері алты ай уақыт құжаттарды тексеру рәсімдеріне арналды. Осы ретте, екі рет мониторинг жасалды. Сондықтан алғашқы банкрот мәртебесін алғандар қыркүйек айынан басталды», — деді Е.Біржанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қыркүйектен бері 10 мыңға жуық адам банкрот ретінде танылды.
«Ары қарай бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Қосымша заңнамалық өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, банкроттық процесті жеңілдетуді қарастырдық. Осы орайда банктен алатын құжаттардың санын азайту, қосымша құжаттарға тыйым салу ескерілген. Мәселен, адамдар өтініш берілгеннен кейін, біз басқа мемлекеттік органдармен және банктермен ақпарат алмасу арқылы банкроттық рәсімін қараймыз. Яғни қазір байқалған кедергілерді жоюға назар аударып отырмыз», — деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, тиісті өзгерістерді заң жобасы аясында Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр.
«Келесі жылдың басында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, мүмкіндіктер кеңейтіледі», — деді Ержан Біржанов.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?