jasqazaq.kz

Еліміз интернет трафикті Еуропадан тартуы мүмкін

13 желтоқсан 2023, 11:24


Еуропалық Одақ Қазақстандағы интернет көздерін әртараптандыруға атсалыспақшы. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур Орталық Азияның Еуразиялық қоры ұйымдастырған жиында мәлім етті.
«Қазақстанға қазір интернет трафик Ресейден және Қытайдан келеді. Біздің жоба Қазақстанға еуропалық спутник байланысын пайдалану мүмкіндігін ұсынғысы келеді. Бұл — еуропалық SES компаниясының өнімі. Мысалы, Starlink жерді төмен орбитамен айналса, SES спутниктері орта орбитамен айналады. Орта орбитадағы спутниктер бүкіл Қазақстанды қамти алады. Артықшылығы сонда. Тіпті бүкіл Орталық Азияны қамтиды», — дейді Йоханнес Баур.
Оның сөзінше, аталмыш жобаны Еурокомиссия мақұлдап отыр.
«Бұл жобаны біз 2024 жылы өтетін „Орталық Азия — Еуропалық Одақ“ саммитінде таныстырғымыз келеді. Жобаның бірінші кезегінде Еуропалық Одақ 20 млн еуро бөледі. Бірақ бұл — бүкіл Орталық Азияға бөлінген сома. Ол қаражаттың үлкен бөлігі Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне бағытталады деп ойлаймын. Екінші кезекте қай елге нақты қанша бөлінетіні әзірге белгісіз. Бірақ бұл Еуропа инвестициялық банкінің үлкен көлемдегі несиесі болады», — деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?