jasqazaq.kz

Елдос Сметов: Уағыз айтпадым, әсерімді бөлістім

08 тамыз 2024, 12:55

Елдос Сметовтің дұға-тілек туралы айтқан сөздері әлеуметтік желіде кеңінен тарап, дзюдошы жарыс жолында жолы болғаны дұғаның арқасында екенін айтты. Бүгін осы сөйлеген сөзіне байланысты сұрақ қойылды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді. Мен оларды ұстағанда оңай жеңіп алатындай көрініп тұрды. Алла сонда анау қарсыластарымның мысын басып қойды. Сондықтан біз үшін дұға жасаған ата-анамызға Алла разы болсын.  Ата-ананың қадірін түсінген адамға Алланың разылығын алу қиын емес», — дейді Елдос Сметов.

Бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында Елдос Сметовтен журналистердің бірі “осы сөзіңізді сынағандар болды, бәрін көріп-біліп отырған шығарсыз, не дейсіз?” деп сұрады.

– Бұл жерде бір жаман дүние айтылмаған сияқты. Уағыз форматында айтылған нәрсе емес, басымнан өткен нәрсе. Әсерімді бөлістім. Арнайы бір адамдарды жинап, сұхбат беріп, уағыз айту мақсатын көздеген жоқпын. Жақындарым арасында қуанышымды бөлістім, осы жолға қалай жеткенімді айттым. Бірақ ол нәрсе еш жаман тәрбие деп ойламаймын. Басқа біреулердің шашын бояп, құлағын тесіп жүргеннен қарағанда осындай әңгіме көп болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев де бұдан хабардар екенін білдірді.

 Біздің батыр ағамыз Талғат Бигелдинов әуеге көтерілген сайын өз дұғаларын күбірлеп айтатыны бар еді. Сол сөзі аңыз ретінде айтылады. Ол кісі қанша ұшса да, аман-есен ұшып келген дұға айтып. Елдостың да күресі жақсы болды. Осындай дәрежеге жеткені сол деп ойлаймын. Әр адамның күш-қуат беретін дұғасы болады. Жақсы нәрсені айтқан жақсы ғой, – деді ол.

JQ-Aqparat

Сурет: Видеодан скриншот
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?