jasqazaq.kz

Елдос Сметов: «Қол созым жерде қалдырған алтын еді»…

30 шiлде 2024, 18:39

Дзюдодан 60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!

Мен — Олимпиада чемпионымын! Өзімнің медаль жиынтығыма тек осы бір медаль жетпей тұрды. Бұл медальді осыған дейін екі рет екі жағынан көріп кеттім. Қол созым жерде қалдырдым. Міне, енді Олимпиаданың алтыны — менікі. Парижге тек алтын алуға келген болатынмын. Арманым орындалды. Шүкір, бақыттымын!

Қанша күннен бері мені құттықтап, жылы лебіздеріңізді, сый-сияпаттарыңызды арнап жатқандарыңызды көріп отырмын. Баршаңызға Алла разы болсын! Көп рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз, қазақ халқының қолдауы мен үшін қашан да ыстық және әлемнің қай бұрышында күрессем де мен оны сеземін. Бұл — Қазақ спортынының, қазақ дзюдосының көптен күткен тарихи алтыны.

Қажырлы еңбек, арманға деген адалдық, мақсатқа деген батыл қадамдар, жарақатқа төтеп беру, талап, дисциплина мені осы шыңды бағындыруға беттеді. Біздің Олимпиада жолымыз үш бөлімнен тұратын ұзақ сапар болды. Осы уақыт аралығында маған қолдау көрсеткен, жігерімді жаншымай үнемі жанымнан табылған, сенген, демеген әуелі ата-анама, отбасы-бауырларыма, асыл жарыма, балаларыма шексіз рахметімді айтамын. Әрине, жеке бапкерім, екінші әкем Ғалымжан ағайдың еңбегін сипаттауға сөз жетпейді. Кәсіби спортшыларды қолдап отырған Мемлекетімізге, Қазақстан дзюдо федерациясына және «Динамо» ұжымына, өзімнің Jenys клубыма алғысымды жеткізгім келеді.

Баршаңызға армандаңыздар, сеніңіздер және оған қол жеткізіңіздер дегім келеді! Ақ нашивкамен күрестім. Қызыл нашивкамен күрестім. Ендігі кезек сары нашивкада, — деді Елдос Сметов Instagram парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)

JQ-Aqparat

Сурет: Olympic.kz
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр