Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап адам жасы мен қызмет өткерген жылдары бойынша зейнетақы төлем, мемлекеттік базалық зейнетақы төлем мөлшерін өсіруді қарастырады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап минималдық зейнетақы 40 950 теңге болады. Бұл норма Қазақстанда 2 миллионан асатын зейнеткердің барлығына да қатысты. Бұл заң жобасында баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін бірреттік төлемді 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 20 пайызға өсіруді қарастырады. Зейнетақы мен бала туғанда берілетін бірреттік төлем мөлшерін өсіру үшін республикалық бюджеттен 81,6 миллиард теңге қарастырылған.