jasqazaq.kz

Елбасы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

12 ақпан 2018, 10:32

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы әуе апаты салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.
«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу түбінде «Саратов әуе желісінің» Ан-148 жолаушылар ұшағы құлады. Құлаған ұшақ Раменск ауданының аумағынан табылды.
Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген соң екі минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Ұшақта 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.

sputniknews.kz

Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті