jasqazaq.kz

Елбасы Мьянмадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

10 қыркүйек 2017, 13:05

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технология бойынша бірінші саммитінің қатысушыларына үндеу жариялады.

Отырыс Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Мьянмадағы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Ол зорлық-зомбылықты тоқтатып, БҰҰ деңгейінде келіссөздер өткізуді ұсынды. Сөз сөйлеуді бастамастан бұрын, Нұрсұлтан Назарбаев ИЫҰ саммитіне қатысып отырған барлық мүшелеріне Астанаға келгені үшін алғыс білдірді. «Қонақжай Қазақстанның шақыртуын қабыл алғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Өкінішке орай, соңғы кездері ислам әлемі әр түрлі ауыр сынақтардан өтіп жатыр. Біріншіден, экстремистік және террорлық үйымдардың террорлық шабуылынан бірінші кезекте мұсылман елдері зардап шегіп отыр. Екіншіден исламофобия ұғымы тарап жатыр. Батыс елдерде жыл сайын мұсылмандарға қарсы қылмыстар көбейіп жатыр. Біз таяуда болған Мьямадағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріп, барлық елдерді дереу зорлық-зомбылықты тоқтату үшін БҰҰ деңгейінде келіссөздер жүргізуге шақырамыз», — деді Назарбаев ИЫҰ қатысушыларына. ИЫҰ ғылым және технология бірінші самитінде ғылым, технология және инновация саласындағы артықшылықтары анықталады. Осы идеяны 2016 жылы Ыстамбұлда ИЫҰ саммиті кезінде Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінде осы ұйымға 57 ел мүше, жалпы халық саны — 1,2 миллиард адам. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИЫҰ-ның басшысы — Бас хатшы, ал атқарушы органы — Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар. 2011 жылға дейін Ислам конференциясы ұйымы деп аталған. Астанада өткен 38 сесияда атауы өзгертілді.

Tengrinews.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті