jasqazaq.kz

Елбасы мен Монако князі велосипедпен ЭКСПО аумағын аралады (фото)

25 маусым 2017, 18:22

Қазақстан президенті Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігінің ұлттық павильонын аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконың ұлттық павильонында энергетикалық тұрғыда “жасыл экономикаға” өтудің проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы “Болашақтың бейнесі” атты инсталляциямен, Монаконың аумағын кеңейту жөніндегі жобаның макетімен, “Жасыл зертхана” секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Монако Княздігі ұлттық павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанның “Нұр Әлем” ұлттық павильонын көрсетті. Онда екі елдің көшбасшылары уранды жерасты ұңғымалы тазарту әдісін, “Токамак” термоядролық реакторының интерактивті макетін және Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларды көрді.

Онда 2025 жылға қарай теңіздің 6 гектарында құрылыс жүргізу арқылы Княздік аумағын кеңейту жөніндегі шешімдерге арналған экспозициялар, экологиялық орнықтылық пен экологиялық мобильділік саласындағы жобалар қойылған.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда