jasqazaq.kz

Елбасы Дмитрий Медведевті қабылдады

14 тамыз 2017, 14:56

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесуде экономиканың қазіргі жағдайында мұндай басқосудың маңызды екенін айтты. Д.Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді. «Біз достас Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл — шын мәнінде, Сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Бүгін біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай, қарқынды түрде дами түседі деп сенемін», — деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда