Ел тәуелсіздігі жастар үшін маңызды

11 желтоқсан 2023, 18:38

Жас қалам

Тәуелсіздік — шын мәнінде мемлекет пен ұлт тарихының ерекше байланысы, қазақ халқының ғасырлар бойы орындалған арманы. Отыз жылдан астам уақыт ішінде еліміз саяси-экономикалық және әлеуметтік реформаларды жемісті жүзеге асырған заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды.
Мемлекет ретінде егемендiкке қол жеткiзу – ата-бабаларымыздың үздіксіз күресі мен тынымсыз талпынысының арқасында деп есептеймін.Тәуелсіздік алғаннан бастап біздің еліміз елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, шекарамыз шегенделді. 120-дан астам мемлекет Қазақстанды ресми түрде мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Әлеуметтік және зейнетақы саласында да реформалар жүргізілді. Шетел инвестициясын тарту жағынан ТМД елдері арасында суырылып алға шықты. Қазақстан БҰҰ-ның толық және белсенді мүшесіне айналды. Бұл тек қана бастамасы деп ойлаймын. Енді әрмен қарай туған елімізді өркендетіп, мемлекетімізді асқақтату біз секілді жастардың қолында. Тәуелсіздіктің арқасында жастар үшін барлық есік ашық, қандай да жетістікке жету үшін мүмкіндігіміз де мол. Біздің таңдау құқығымыз бар. Кез келген биіктерді бағындыра аламыз, түрлі салада жетістіктерге жете аламыз. Бұл үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Енді ата-бабаларымыз қалдырған жолмен жүріп, тұғырлы туымызды желбірету — біздің басты міндетіміз!

Диас Жұмашев,

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу