jasqazaq.kz

ЭКСПО-ның қызығын жезөкшелер көріп жатыр

14 маусым 2017, 11:17

ЭКСПО бастала салысымен жезөкшелер Астанада шет тілін меңгеріп алған. Сол себепті де алатын ақысының құнын қымбаттатып жіберіпті. Оларға жеңгетайлар да ашықтан ашық көмектесе бастаған.

Олардың еркінсігені соншалық қазіргі қасиетті Рамазан айында да айылын жимай тұр, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Астанадағы темір жол вокзалының маңында жезөкшелердің қызметін ұсынған қыз-келіншектерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Қыз базары қызып тұр.

«Бізге қытайлар, түріктер келеді. Жезөкшелік қызмет көрсететін 1996, 1997 жылғы қазақ қыздары», – дейді жеңгетайдың бірі.

Ішкі істер қызметі ЭКСПО-ға байланысты қоғамдық тәртіпті ретке келтірдік деп есеп бергенімен, бәрі бәз баяғы қалпы. Өзгерген бір ғана нәрсе – жезөкшелер клиенттерін ренжітіп алмас үшін шет тілін меңгерген.

«Менде 4 қыз бар. Оларды ұсынуға ұялмайсыздар. Бәрі қазақ қыздар. Орысша біледі, ағылшын тіліне де түсіндіре алады. Бәрі әдемі қыздар», – дейді жеңгетай.

Елордаға келетін мың сан қонақтан дәмелі жезөкшелердің қызмет құны да шарықтап кеткен. Интимдік сайттардағы жарнамалар бойынша олардың бірқатарына қоңырау шалып көрдік.

«Бізде қытай тілін білетін қыздар бар. Бір түнге 150 мың теңге. Бір сағатқа 20 мың теңге», -дейді интимді қызмет көрсетушілер.

Вокзал маңындағылармен салыстырғанда интернет жарнамалардағы қыздардың қызметі қымбат.

Біздің астарлы сұрақтарымыздан шырқы бұзылған жеңгетайлардың жайы полицей қызметкерлеріне де белгілі бола қалды. Камераның құдіретінен сескенген олар жұмыс істеген сыңай танытып, вокзал маңында қаптап кетті.

Ал, жуырда елордалық СПИД (ЖИТС) орталығы қаладағы жезөкшелердің венерологиялық ауруларға шалдыққанын жариялады.

Тәнін саудалағандарға елімізде ешқандай жаза жоқ. Олардың тек құжатын тексеріп, тіркеуге қойғаннан басқа заңды шара қабылданбаған.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда