jasqazaq.kz

ЭКСПО-ны сынап жазған шетелдік журналист Қазақстанға келмеген болып шықты

19 маусым 2017, 18:17

Foreign Policy америкалық басылымында жарық көрген Джеймс Палмердің ЭКСПО көрмесі туралы сыни материалына қатысты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент жетекшісі Сергей Куянов пікір білдірді.

PR-департамент басшысы хабарлағандай, Джеймс Палмер деген журналист бар, бірақ ол америкалық емес, Ұлыбритания азаматы. Ол шын мәнінде көрме туралы мақала жазған. Бірақ, қызығы сол, бұл журналист ЭКСПО кезінде Қазақстанға келмеген болып шықты.

«Біз анықтағандай, біріншіден, ондай журналист бар, ол британдық, бірнеше басылымға жазады екен. Негізінен Орталық Азия және Қытай жөнінде жазады. Екіншіден, көрмеге ондай журналист тіркелмеген, аккредиттелмеген болып шықты. Үшіншіден, қауіпсіздік департаментіндегі әріптестеріміздің көмегімен мұндай адамның ЭКСПО кезінде Қазақстанның шекарасын кеспегенін анықтадық «, — деп мәлімдеді Куянов. ЭКСПО көрмесі PR-қызмет басшысының топшылауынша, Палмер өзге біреудің оған берген материалын немесе басқаның көрмеден алған әсерін пайдаланған. Не болмаса оның атын басқа журналист пайдалануы мүмкін. «Бұл өзі оғаштау жағдай болып тұр, өйткені журнал көпшілікке белгілі. Басылымның лақап атпен материал жариялауы екіталай, өйткені оның журналға зияны тиеді. Десек те, осындай жағдай орын алып отыр», — деді Куянов. Сондай-ақ, департамент басшысы мақаладағы шындыққа сәйкес келмейтін бірқатар фактіні атап өтті. «Жоба құнынан бастап барлық сандар, фактілер шындыққа сәйкес келмейді. Ол 5 миллиард доллар туралы жазады. Тағы да қайталап айтқым келеді, үш, бес немесс жеті емес, 1,3 миллиард доллар жұмсалды, бұл кешендердің құрылысын қоса алғанда», — деп түйіндеді Куянов.

Sputnik Қазақстан

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда