jasqazaq.kz

ЭКСПО басшылығы көрме мерзімін ұзартуға қатысты пікір білдірді

16 тамыз 2017, 15:59

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі көрмені 1 қарашаға дейін ұзартуды сұраған астаналық кәсіпкерлердің үндеухатына жауап берді.

Еске сала кетсек, кеше туристік операторлар «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтен халықаралық көрмені 1 қарашаға дейін созуды сұраған еді. Ашық хат авторларының айтуынша, туроператорлар мен турбірлестіктер үшін тұңғыш рет туризмнен пайда табу мүмкіндігі туған. «Біз оларды жақсы түсінеміз, ЭКСПО кезінде олар өте қомақты табыс табуда. Көрме басталған сәттен бері Астанаға 1 миллион 772 мың 489 турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге көп. Кеше бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, уәждерін тыңдадық. Әрине, олар үшін қуаныштымыз, ЭКСПО-ның басты міндеттерінің бірі туризмді дамыту еді. Дегенмен, ЭКСПО халықаралық көрмелер бюросының регламентіне сәйкес, 3 ай ғана жұмыс істейді. Бұл — кәсіпкерлердің ұсынысын қабылдай алмауымыздың басты себебі. Оның үстіне Көрменің халықаралық қатысушыларының бюджеті есептеулі, көрмені ұзарту оларға да оңайға соқпасы анық», — деді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов. Сонымен бірге, Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы көрме аяқталған соң да ЭКСПО-ның бірқатар ғимараттарының өз жұмысын жалғастыратынын хабарлады. «Көрменің басты ғимараты — Нұр Әлем павильоны туристік нысан ретінде қалдырылады. Ол Болашақтың музейі деп аталатын болады және тұрақты негізде жұмыс істейді. Арт орталық пен Үздік тәжірибелер аймағы да қала береді. Екі айда бұл павильондарға 120 мыңнан астам адам келген. Конгресс орталық пен Энергия Холл да жұмыс істей береді», — деп өз сөзін түйіндеді С.Куянов.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда