jasqazaq.kz

ЭКСПО аумағына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген адам ұсталды

21 маусым 2017, 12:39

Полиция қызметкерлері ЭКСПО аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген ер адамды қолға түсірді.

Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының «102» каналына көрме аумағында жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы ер адам қоңырау шалды. Жедел іздестіру шараларын өткізу кезінде қысқа уақыт аралығында полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол мас күйінде аталған бұзақылықты жасағандығын мойындады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ер адамның мас екендігі анықталды. Аталмыш факт ҚР ҚК 273-бабы (терроризм актісі жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды. Ұсталған күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде. Полицейлердің қолдануындағы заманауи технологиялардың арқасында аталған қылмыстық заң бұзушылықтарды жасағандар бір кезекшілік тәуліктің ішінде анықталады. Мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, материалдық залал өндіріледі.

24.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда