jasqazaq.kz

ЭКСПО-2017: Американың ковбойлары көкпар ойнайды

07 маусым 2017, 17:58

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролдың айтуынша, АҚШ-тан келетін ковбойлар көкпар чемпионатына қатысады.

«Біздің дипломатиялық миссиямыз ЭКСПО көрмесі кезінде 20 мәдени шараны қаржыландыратын болады. Концерттер, кино көрсетілімдер, компьютерлер мен робототеxника семинарлары және тағысын тағылар. Бұдан бөлек, Америкадан келетін нағыз ковбойлар көкпар жарысына қатысады», — деді Крол бүгін АҚШ павильонының таныстырылымына арналған брифингте. Оның айтуынша, Америка ковбойлары бұған дейін Орталық Азияда өткен көкпар сайыстарына қатысқан. Сол кезде олар ойынның ережесін біліп алды. «Енді, ковбойлар өз аттарын әкелмейді. Себебі жергілікті жануарлар көкпарға жақсы бейімделген. Сосын біздің жылқыларымыз осы жақтан қорқады. Өйткені сіздер жылқының етін жейсіздер», — деп әзілдеді елші. Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көкпардан I Әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Жарыс 21-28 тамыз күндері Этноауылда өтеді.

ҚазАқпарат

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда