jasqazaq.kz

Экономика министрі Ресейге қарсы санкция Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты

08 тамыз 2017, 17:32

Қазақстан үкіметі Ресейге салынған санкцияға қатысты болатын жаңа толқуларға дайын. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Qazaq Times.

Министрдің сөзінше, көрші елге қарсы қабылданған шектеу шаралары республикаға тікелей әсер етпейді, бірақ үкімет қандай жағдай болса да дайын.

«Бәріне дайын болу керек, бірақ асыра сілтеудің қажеті жоқ. Министрлік аясында Ұлттық банктегі және Қаржы министрлігіндегі әріпсестермен бірге кез келген жағдайға дайынбыз. Дегенмен мұны біз төтенше жағдай деп есептемейміз. Санкция әсері мұнай, метал бағасының көтерілуі немесе түсуі, тіпті басқа көрші елдердегі экономиканың әлсіреуі кезіндегі жағдай сияқты болады деп есептейміз. Алайда бірден теріс әсер ете қоймайды», — деді ведомство басшысы.

Алайда ол «санкция ұзақ мерзімге созылатын болса бұл Ресей экономикасына да, Қазақстан экономикасына да айтарлықтай әсер етеді» дегенді айтады.

«Біздің мұнайымызды теңізбен әсіресе Новороссийскпен байланыстырып отырған мұнай құбырларына қатысты мәселе көтерілді. Санкцияда оған қол қойылмаған. Себебі америкалық Chevron команиясының өзі Каспий құбыр желісі консорциумының инвесторы. Сондықтан олар өздерінің конгресі арқылы мұндай транзиттік мұнай құбырларын санкция тізімінен шығаруға қол жеткізді. Яғни бұл бөлік бойынша жергілікті нарыққа мұнай шикізатын жеткізуде қиындық болмайды», — деді ҰЭМ басшысы.

Десек те Қазақстанның экономикасы көрші елдің экономикасына байлаулы екенін ескеру қажет. Себебі экономикаға әсер ететін тек мұнай нарығы ғана емес. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, сауда қатынасы да ел экономикасын қалыптастыратын негізгі фактор.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда