jasqazaq.kz

“Екінші әйел болуға дайынмын” (Видео)

04 қантар 2024, 15:52

Мамандар екінші әйел болуға келісетін қазақстандық қыз-келіншектердің көбейіп кеткенін айтып дабыл қағуда. Олар әлеуметтік желілер мен танысу сайттарында тоқал болатынын ашық жарнамалайды, деп жазды Stan.kz.
Мамандар әлеуметтік желілерде қыз-келіншектер қауымының ауқатты ер адам іздейтін хабарлама тарататынын айтады. Әсіресе танысу сайттарында және неке агенттіктерінде “екінші әйел болуға дайынмын” деген жазбалар көп екен.

Ал сарапшылар қазақ әйелдерінің мұндай рөлге келісуінің себебі оңай жолмен өзін қамтамасыз ету екенін айтады. Алайда бұл балалардың да ананың да денсаулығы мен психикасына кері әсер етеді. Ал кей жағдайларда ажырасқан немесе бала-шағасы бар жесір әйелдер жар тапқысы келеді екен.

“Ер адам екі әйелге де жеткілікті көңіл бөле ме? Ол барлық балаларына қарайлай ала ма? Мұндайда өте қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Салдарынан балалардың психологиялық, ақыл-ойы дұрыс қалыптаспауы мүмкін”, – деді психолог Германия Владимиров.
Ал елімізде екінші әйелді айтпағанда дәстүрлі неке де жиі бұзылып жатады. Егер ер адам тоқалын да оңай тастап кетсе онда ол заңды түрде де қорғансыз болады.
“Мұндай некенің басты себебі отбасындағы қандай да бір материалдық жетіспеушіліктен туындайды. Соның салдарынан кейбір адамдар тіпті екінші әйел болуға дайын. Ал балаларды әкесінің атына тіркелмесе, онда ата-анасы ажырасқан немесе әкесі қайтыс болған жағдайда мұраны талап ете аламайды. Егер неке рәсімделмесе, балалары оған тіркелмесе, әйел ештеңесіз қалады”, – деп түсіндірді Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Гүлнәр Умарова.
Қоғамда көпшілігі қос әйел алуға қарсы. Тіпті қыздарын екінші әйелдікке беруге де тыйым салған. Тіпті елімізде заң бойынша да ерлер тек бір ғана әйелмен некеге тұра алады. Дегенмен мұндай жағдайларда көбіне ер адам екінші әйелмен мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша ғана неке қиып жатады. Немесе әйел ешқандай құқықсыз ер адамның көңілдесі болып өмір сүреді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?