jasqazaq.kz

Екібастұзда өрт шыққан үйден екі бала мен әйел құтқарылды (видео)

27 маусым 2017, 17:30

Екібастұзда өрт шыққан үйден екі бала мен әйел құтқарылды.

Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлер әлеуметтік желіде жариялап жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, өрт Екібастұз орталығындағы Әуезов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Видеодан екі бала мен әйелді ер адамдардың балкон арқылы шатырға шығарып алғанын көруге болады. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен алты жасар баласы және 2017 жылғы қызы зардап шеккенін айтып берді. «Зардап шеккен анасы мен екі баласы есеңгіреп қалған, қорқып қалған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты», — деді басқармадағылар. Екібастұз әкімдігінің өкілдері өртенген бесқабатты үйден 9 адамның эвакуацияланғанын хабарлады. Өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда