jasqazaq.kz

Екі жарым минутта 12, 6 миллионды алып кеткен (видео)

02 сәуiр 2018, 14:59

Полицейлер Қарағандыдағы зергерлік бұйымдар дүкенін тонау дерегін тергеп жатыр.

Tengrinews. хабарлағандай, істі тергеуге тәжірибелі мамандар жұмылдырылды. «Полицияда қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау мен ұстау бойынша барлық қажетті шаралар іске асырылып жатыр. Қарағанды облысы ІІД мен ІІБ-нің дайындығы жоғары қызметкрелері қатарынан жедел-іздеу тобы құрылды. Жақын орналасқан үйлердің тұрғындарынан жауап алынып, қажетті жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр», — дейді өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. Бұл дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша тіркелді. Еске салайық, наурыздың 15-не қараған түні бетперде киген белгісіз үш адам зергерлік дүкенінен 12, 6 миллион теңгенің асыл бұйымдарын алып кеткен. Күзет агенттігінің қызметкерлері оқиға орнына төрт минутта келген. Алайда онда ешкім болмаған. Оқиға ішкі бақылау камерасына түсіп қалған. Бетперде, қолдарына қолғап киген және бастарына шахтерлік шам таққан үш адам қитұрқы әрекет еткен. Олар бар ісін екі жарым минутта тындырған.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр