jasqazaq.kz

«Эйр Астана» TRIPADVISOR сайтының TRAVELERS’ CHOICE AWARDS сыйлығының лауреаты атанды

16 сәуiр 2018, 13:55

Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясында жеңімпаз деп жариялады. Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығы, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы ақпанға дейін әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

«Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады, және мен «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына бақыттымын, — деді компания президенті Питер Фостер. Мен TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін».

«Эйр Астана» жүйелі түрде рейстерді орындауды 2002 жылдың 15 мамырында бастады және қазір 60 астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның флоты Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 ұшақтарынан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары расталды.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр