jasqazaq.kz

Еңсесі түсіп қайтқан Елордалықтар

17 тамыз 2017, 12:10

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасымен кездескен «Астана» қақпасына жауапсыз бес гол жіберді. Алғашқы минуттарда жақсы шабуылдарымен көңіл қуантқан елордалықтар бірінші таймда оң қапталдағы болмашы қателіктердің кесірінен екі гол жіберіп алды. «Селтик Парктегі» аншлаг тізелерін дірілдетті ме, əлде ойын жүрмеді ме, əйтеуір екінші таймда да Стойлов шəкірттері жақсы ойын өрнегін көрсете қоймады. Есесіне уақыт өткен сайын Роджерстің сайыпқырандары алға ұмтыла берді.

«Астананың» осы кездесудегі сəтсіздіктеріне бірқатар себептер бар. Біріншіден, тас қамал орталық қорғаушы Марин Аничич жарақатына байланысты негізгі құрамда шықпады. Екіншіден, сол қапталды сеніп тапсырған Марин Томасов та командаға сіңісіп кете алмағанын көрсетті. Үшіншіден, Дмитрий Шомко көбіне алдыңғы шепке көмекке ұмтылам деп, позициясын бос қалдырды. Нəтижесінде сол қапталдан үш бірдей доп қақпамызға еніп кетті. Ал Серікжанның қателігіне барлығыңыз куəсіздер. Жанкүйерлердің пікірінше, Мұжықовтың орнына Гроховац шыққаны қолайлы болар еді.

Шотландия төріндегі кездесу осылай бес гол айырмашылығымен аяқталды. «Астана Аренадағы» жауапты текетірес  22 тамыз күні өтеді. «Селтикке» бес голмен жауап қатсақ жақсы, немесе Еуропа Лигасының топтық кезеңінен топ ете түсеміз.
Ал матч барысында соқтығысып жарақат алған Юрий Логвиненконың тез сауығып кетуін тілейміз.

«Астана»
Мокин, Шитов, Кляйнхайслер, Мужиков, Томасов, Маевский, Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Постников, Шомко.

«Селтик»
Гордон, Лустиг, Шимунович, Биттон, Тирни; Браун, Нтшам, Форрест, Рогич, Синклер; Гриффитс

Голдар: Постников 32′(АГ), Синклейр 42′, 60′, Форрест 79′, Гриффитс 88

Әділет МӘДЕНИЕТ

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда