jasqazaq.kz

Е.Сағадиев: Мұғалімдерге үстеме ақыны әкімдіктер төлейді

18 сәуiр 2018, 16:13

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдерге берілетін үстеме ақы жайлы айтып берді. «Осы мәселені түсіндіріп өткім келеді.

Мұғалімдер жалақысын толықтай алуы үшін біз бүгін Мәжілісте талқылап, қабылдаған заңды қабылдауымыз қажет. Енді ол Сенатқа жолданады. Осыдан кейін, яғни, заң күшіне енген соң біздің бюджетімізде де өзгерістер болады. Республикалық бюджет мұғалімдердің жалақысына бөлінген қаражатты жергілікті бюджетке аудара алады», — деді БҒМ басшысы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық бюджеттегі қаражатты жергілікті бюджетке аударудың қажеті жоқ. «Дегенмен Президенттің тапсырмасын орындай отырып, біз жергілікті атқарушы органдардан, әкімдіктегілерден резервтегі қаражаттарын бере тұруын сұрадық. Әрине, оны қайтарып береміз», — деді министр. «Әкімдіктегілердің көбінде қаражат бар және олар қаңтардан бастап сол қаражатқа жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар барлық қаражатты республикалық бюджеттің қайтарып беретінін біледі. 1 қаңтардан ақша алуы тиіс болған мұғалімдер ақшаны міндетті түрде алатын болады», — деді Ерлан Сағадиев.

Tengrinews.kz

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр