“Қазақстан” телерадио корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин әйгілі актер Джеки Чанның Қазақстанда фильм түсіруі мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазды. Қазіргі кезде Қытайда жүрген Ерлан Қарин актердің өзімен кездесіп, әңгімелескен.
Еске салсақ, маусым айында актер Қазақстанға келген сапары кезінде біздің елімізде кино түсіргісі келетінін жария еткен болатын. Енді осы әңгіме шындыққа айналатынға ұқсайды.