jasqazaq.kz

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек

07 маусым 2017, 16:49

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсіруді армандап жүр.

«Шынын айтқанда, осыған дейін Қазақстанға келіп, кинематографиямен айналысуды армандаған едім. Алайда уақыттың тапшылығынан, бүгінге дейін бұл арманымды жүзеге асыра алмадым. Болашақта Қазақстанға міндетті түрде келіп, осы саладағы еңбегімді іске асырмақ ойдамын», — дейді Джеки Чан бүгін Астанадағы баспасөз мәслихаты барысында.

Бұдан бөлек ол тілшілер сауалына жауап беру кезінде жетістікке қалай жеткенін айтып берді.

«Әрине, мен бірден өнер жұлдызы атанған жоқпын, қазіргі деңгейіме біртіндеп келдім. Яғни ең төменнен әр қадам сайын жоғарылай бердім. Сондықтан да әрбір адамның жағдайын жақсы түсінемін, сәйкесінше әр адамның жұмысына құрметпен қараймын», — деп тоқталды танымал өнер жұлдызы.

Осы орайда ол табысқа ең бастысы күш-жігер мен жанкүйерлердің қолдауы арқасында, сондай-ақ үнемі жанынан табылатын командасының көмегімен жеткенін айтты.

«Әлем елдерінде жанкүйерлерім менің фильмдерімді тамашалап жүргенін білемін. Осы ретте туындыларым арқылы өз әлемімді таныстыруға тырысып келемін. Атап айтқанда, менің фильмдерімде тілдік кедергілер болмағандықтан, олардың барлығының мағынасын еш қиындықсыз түсіне аласыздар», — деді ол.

Еске сала кетейік, әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам — Джеки Чан кеше алғаш рет Астанаға аяқ басты. Шараның басты ұйымдастырушылары — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда