jasqazaq.kz

Джейкобс: «Канело» 4-ші раундтан бастап тең болатындай ештеңе істеген жоқ (видео)

18 қыркүйек 2017, 11:56

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінде төрешілердің шешімін сынға алды.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп (118-110 Альвареске, 115-113 Головкинке, 114-114 тең), Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, мексикалық боксшыға айқын басымдылық берген Аделаида Бердтің шешімі дау туғызды. Спорттық комиссия басшысы «Канелоның» пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті. Джейкобстің ойынша, Головкин осы жекпе-жекте жеңіске жетті, Альварес тең болатындай ештеңе істемеген, төрешілердің осындай шешім шығаруына саясаттың қатысы бар екенін айтты. «Бұл өте қызықты кездесу болды, бірақ меніңше, Головкин жеңді. Бокста дене пішімі маңызды рөл атқарады. «Канело» бастапқы раундтарда басымдық танытты. Соңғы раундтарда пішімнің ірілігі мен жойқын күштің әсері болды, Головкин соңына дейін тұрып, жалғастырды. Бұл өте керемет жекпе-жек болды», — деді Джейкобс төрешілердің қойған бағасы шықпай жатып. Төрешілер шешімі шыққаннан кейін, Джейкобс эмоцияға қатты берілді: «Егер сіздер Альварестің тең көрсеткішке қол жеткізді деп ойласаңыздар, бұл барып тұрған бассыздық. Мен екеуімен де жекпе-жекке шығуға дайынмын, бірақ Головкин жеңіске жеткені сөзсіз. Сауль жұлқынып жүріп жұдырықтасты. Меніңше төртінші-бесінші раундтан бастап тең болуы үшін ештеңе де істеген жоқ. Көріп тұрғандарыңыз — нағыз саясат. Бүгінде бокстың жайы осындай. Меніңше, Головкин жеңді. Ол жеңу үшін біраз нәрсе істеді. Оның джебі дәл тиді. Жас, қу әрі жылдам боксшыға қарсы жекпе-жекте ол тез жағдайды өз қолына алды. Тең болуы — нағыз бассыздық. Олар екеуінің жекпе-жегін қайтадан өткізгісі келді», — деді Джейкобс әлеуметтік желідегі тікелей эфирден.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда